Nokia 3710 fold - Рұқсат кодтары

background image

Рұқсат кодтары
Құрылғының рұқсат кодтары мен қауіпсіздік параметрлерін пайдалану әдістерін

орнату үшін

Мәзір

>

Параметрлер

және

Қауіпсіздік

>

Ену кодтары

тармақтарын

таңдаңыз.

12

Қосыңыз

background image

Қауіпсіздік коды құрылғыны рұқсатсыз пайдаланудан қорғауға көмектеседі.

Алдын ала орнатылған код – 12345. Бұл кодты өзгертіп, құрылғыны код

сұрайтын етіп орнатуға болады. Кейбір әрекеттер орнатылған параметрлерге

қарамастан қауіпсіз кодты талап етеді, мысалы, зауыттық параметрлерді

қалпына келтірмекші болсаңыз. Кодты құпия және құрылғыдан бөлек, қауіпсіз

жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытып қалсаңыз және құрылғы құлыпталып

қалса, құрылғыға қызмет көрсету қажет болады және қосымша төлем алынуы

мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, Nokia Care орталығымен немесе құрылғы

дилерімен хабарласыңыз.

SIM картасымен бірге берілетін PIN коды картаны рұқсатсыз пайдаланылудан

қорғауға көмектеседі.

SIM карталарымен бірге берілетін PIN2 коды белгілі қызметтерге қол жеткізу

үшін қажет.

PUK және PUK2 кодтары SIM картасымен бірге берілуі мүмкін. Егер PIN кодын

қатарынан үш рет қате енгізсеңіз, PUK кодын енгізу қажет болады. Кодтар

берілмеген болса, қызмет провайдеріңізбен хабарласыңыз.

Құрылғыға келетін немесе одан шалынатын қоңырауларды шектеу үшін

қоңырауға тыйым салу қызметі (желілік қызмет) қолданылған кезде тыйым

салу кілтсөзі талап етіледі.

Шолғыштың қауіпсіздік модуль параметрлерін көру немесе өзгерту үшін,

Мәзір

>

Параметрлер

және

Қауіпсіздік

>

Қауіпсіздік модулі

тармақтарын

таңдаңыз.