Nokia 3710 fold - Бейнеқоңырау шалу

background image

Бейнеқоңырау шалу
Бейнебайланыс кезінде, бейнеқоңырау алушыға телефонның алдыңғы

камерасымен түсірілген бейне көрсетіледі. Бейнеқоңырау шалу үшін

телефоныңызда USIM картасы болып, WCDMA желісіне жалғанған болуы тиіс.

Бейнеқоңыраулар шалу мүмкіндігінің болуы мен оған жазылу жөнінде білу үшін,

провайдеріңізбен хабарласыңыз. Бейнеқоңырауды үйлесімді құрылғыға немесе

ISDN клиентіне екі тарап арасында шалуға болады. Бейнеқоңырау шалу

мүмкіндігі басқа дауыстық, бейне немесе деректер байланысы барысында

қосылмайды.

1 Бейнеқоңырауды бастау үшін, телефон нөмірі мен аймақтық кодты енгізіңіз.
2 Қоңырау шалу пернесін басып тұрыңыз немесе

Парам-р

>

Бейнеқоңырау

тармағын таңдаңыз.
Бейнеқоңыраудың басталуы уақыт алуы мүмкін. Қоңырау шалу сәтсіз болса,

сізден оның орнына дауысты қоңырау шалуыңыз немесе хабар жіберуіңіз

сұралады.

3 Байланысты аяқтау үшін аяқтау пернесін басыңыз.