Bluetooth сымсыз технологиясы
Bluetooth сымсыз технологиясы радио толқындары арқылы құрылғыны 10 метр
(32 фут) қашықтықтағы үйлесімді Bluetooth құрылғысына қосуға мүмкіндік береді.
Мәзір
>
Параметрлер
>
Байл. мүмкіндігі
>
Bluetooth
таңдаңыз.
Бұл құрылғы 2,1 + EDR Bluetooth сипатына сәйкес келеді және келесі
профильдерді қолдайды: SIM картасына қатынас, нысанды итеру, файлды беру,
желілік қашықтан қатынас, құлақаспап, хендсфри, жалпы қатынас, сериялы порт,
жалпы нысан алмасу, озық аудио тарату, қашықтан аудио бейнені басқару және
жалпы аудио/бейне тарату . Bluetooth технологиясын қолдайтын басқа да
құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған
қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы құрылғының басқа
құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды
арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Bluetooth байланысын орнату
1
Телефонымның аты
пәрменін таңдап, құрылғының атын енгізіңіз.
2 Bluetooth қосылымын іске қосу үшін
Bluetooth
>
Қосу
тармағын таңдаңыз.
белгісі Bluetooth қосылып тұрғанын көрсетеді.
3 Құрылғыны аудио қосымша құралына жалғау үшін
Аудио көм. құр-а қ-з
пәрменін және қосымша құралды таңдаңыз.
4 Телефонды қосу аясындағы Bluetooth құрылғысымен жұптастырып қосу үшін
Жұпт-н құрылғылар
>
Жаңа құр-ғы қос.
тармақтарын таңдаңыз.
5 Табылған құрылғыға жылжып барыңыз да,
Қосу
тармағын таңдаңыз.
6 Екінші құрылғы пайдаланушысымен рұқсат кодын (16 таңбаға дейін) келісіп
алып, құрылғыға рұқсат кодын енгізіңіз. Байланысты орнату үшін, сұралған
кезде рұқсат кодын екінші құрылғыға енгізіңіз.
Оны өзіңіз қалаған құрылғы етіңіз
25
Құрылғының жасырын күйде жұмыс істеуі зиянды бағдарламалық қамтамасыз
етудің алдын алудағы қауіпсіз жолы болып табылады. Сенімсіз көздерден
Bluetooth байланысын қабылдамаңыз. Не болмаса Bluetooth функциясын
өшіріңіз. Бұл құрылғының басқа функцияларына әсер етпейді.
Компьютерді интернетке қосу
Bluetooth технологиясын үйлесімді компьютерді интернетке PC Suite
бағдарламалық құралынсыз қосу үшін пайдаланыңыз. Құрылғыңыз интернетке
(желілік қызмет) қосыла алатын болуы керек және компьютер Bluetooth
технологиясын қолдайтын болуы қажет.
1 Құрылғынын интернетке жалғанатынын тексеріңіз.
2 Bluetooth қосылымын пайдаланып, құрылғыны компьютермен
жұптастырыңыз. Құрылғы автоматты түрде интернетке пакеттік деректер
қосылымын ашады.