
Nokia Map Loader
Компьютерге арналған Nokia Map Loader бағдарламасымен интернеттен
карталар мен дауыспен басқарылатын файлдарды жүктеп алуыңызға болады.
Құрылғыға жеткілікті орны бар жад картасы салынуы тиіс. Nokia Map Loader
бағдарламасын қолданбастан бұрын кемінде бір рет Maps бағдарламасын
пайдаланып, карталарды қарауыңыз керек, себебі Nokia Map Loader
бағдарламасы жүктеп алынатын карта нұсқаларын тексеру үшін Maps
журналының ақпаратын пайдаланады.
Nokia Map loader бағдарламасын орнату үшін, www.nokia.com/maps торабына
кіріп, нұсқауларды орындаңыз.
Nokia Map Loader бағдарламасымен карталар жүктеп алу
1 Құрылғыны үйлесімді USB деректер кабелі немесе Bluetooth байланысы
арқылы компьютерге қосыңыз. Деректер кабелін қолдансаңыз, PC Suite
бағдарламасын USB байланыс әдісі ретінде таңдаңыз.
2 Компьютерде Nokia Map Loader бағдарламасын ашыңыз.
3 Мазмұнды және елді немесе аймақты таңдаңыз.
4 Карталарды немесе қызметтерді таңдап, жүктеп алыңыз да, оларды
құрылғыға орнатыңыз.
Nokia Map Loader бағдарламасының Service tab тармағынан жол жүру және жол
туралы ақпарат лицензияларын, саяхат нұсқаулықтарын сатып алуыңызға және
карталарды жүктеп алуыңызға болады.